«Союз МС-15» кемесі Қазақстанға қонды

0

Ғарыш

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Роскосмос ғарышкері Олег Скрипочка мен NASA астронавтары Эндрю Морган мен Джессика Меир Жерге оралды. Ғарышкерлердегі қарсы алғандардың бәрі медициналық бетпердемен болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. «Союз МС-15» кемесі Қазақстанға қонды. Экипаж құрамында ресейлік Олег Скрипочка мен америкалық  Эндрю Морган мен Джессика Меир болған.

Экипаж станцияда қалған ресейлік ғарышкерлер Анатолий Иванишин және Иван Вагнер, америкалық астронавт Крис Кэссидимен қоштасып, кеме люгін жапты. Астаналық уақыт бойынша сағат 7.53 «Союз» МКС-тен бөлінді. Негізгі парашют ашылып, жерге қонды.

Бұған дейін Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, карантинге байланысты ғарышкерлерді дәстүрлі қарсы алу рәсімі болмайды.

Медицина қызметкерлері оларды тікұшақта тексереді. Ал бұған дейін оралған ғарышкерлер арнайы шатырға жеткізілетін. 



sputniknews.kz