Үш баланың анасы перзенттерін пәтерге, көлік пен бизнеске айырбастады

0

Талдықорған қаласы маңындағы Еңбек ауылында жүректі ауыртатын жағдай орын алды. Үш баланың анасы перзенттерін пәтерге, көлік пен бизнеске айырбастады.

Үш баланың әкесі 44 жастағы Сұлтан Ахметов «Әкемізге қалыңдық» жобасының редакциясына өз тағдырын баяндады.

Бағдарлама кейіпкерінің айтуынша, 7 жылдан кейін отасқан жарының жүріс-тұрысы өзгере бастаған. Ол үйден ұзын етек киіп шығып, табалдырықтан аттай сала, ашық-шашық киімін, басына паригін киіп, басқа адаммен кездесіп жүріпті.

Күйеуі әйелінің опасыздығын біліп қойған кезде көзіне шөп салған әйелі күйеуін тастап, балаларды алып кеткен. Бұл жайт Сұлтанды есеңгіретіп жіберді. Тек балалары өзіне оралғанда ғана есін жиды. Балаларды күйеуіне оп-оңай бере салған әйел күйеуіне шарт қояды. Бірінші баласы үшін джип, екіншісі үшін үй, үшіншісі үшін жиһаз дүкенін талап етеді.

Балалардың әкесі ойланбастан әйелінің сұрағанын берді. Дегеніне қол жеткізген әйел көлікпен келіп, балаларды үйінің қақпасына әкеп тастайды. Сол сәтте балаларының кішісі небәрі 11 айлық болған.

Тағдырдың тәлкегіне тап болған Сұлтан балалары үшін өз-өзін қолға алып, қиындықты еңсеріп келеді. Мақтауға тұрарлық азамат бүгінде жобаға қатысып, өзіне жар табудан үмітті. «Мен әлі жаспын, сондықтан шынайы жар сүйіспеншілігіне лайықпын», — дейді Сұлтан.

Жоба командасы психологпен кеңесе отырып Сұлтан үшін таңдаған әйелдің есімі – Гүлназ. Жасы 39-да. Ол – Алматы қаласының тумасы. Қалалық әйел Сұлтанмен, оның анасы мен балаларымен бірге ауылда тіршілік ете ала ма? Оны уақыт көрсетеді.

Біз редакцияның атынан Сұлтанға бақыт тілейміз.

Сіз де кейіпкерлерімізге тілекші болам десеңіз, «Еуразия» бірінші арнасын әрбір жексенбі күні сағат 18:35-те қосып, балаларына қамқор ана, өзіне адал жар іздеген жалғызбасты әкелермен таныс болыңыз.