«Ұрлаған байлығын көрсетуден ұялмайды. Бұл халыққа түкіру!» – Мәжіліс депутаты

0

Мәжілістегі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан жемқорлықпен күрес туралы есепті талап етті.

«Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлық сіз бен бізден тек қана ақша ұрлап отырған жоқ, сыбайлас жемқорлық уақыт пен болашақты ұрлап отыр. Атап айтсақ, біздің балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр. Млрд-тарды ұрлағаны үшін адам 6 жыл алса, үш жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылса, бұл әділетті ме? Көптеген адам өзінің ұрлаған байлығын көрсетуден ұялмайды. Бұл халыққа түкіру! Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ жауымыз! Біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар үнемі жариялануда, бірақ біз олар туралы есепті көрмейміз», — деді депутат Нұрлан Әуесбаев.

Оның пікірінше, Қазақстандық шенеуніктер халықтың қызметшісі ретінде емес, қожайын ретінде әрекет етсе, ешқандай реформа сәтті шықпайды.