Үрейге толы хабар Ақтау тұрғындарының зәресін ұшырды

0
83
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

41 0 0

Қазақстанда жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. «Ислам мемлекеті» (ИМ, ИГИЛ – Қазақстанда, Ресейде және басқа бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым) террористері халық арасында қауіпті вирус таратып жатқаны туралы мессенджер арқылы тараған хабар Ақтау тұрғындарының зәре-құтын алды, деп жазады «Актау-Лада«.

Дауыс хабарламасы немесе жазба арқылы тараған ақпараттың мәтіні төменде:

«Ескерту! Кімде-кім «біз медициналық мектептенбіз, қандағы қант мөлшерін тегін тексереміз» десе, бас тартыңыздар. Бірден полицияға хабар беріңіздер. Олар — I.S.I.S террористері, олар қанға вирус енгізіп жүр. Отбасы және достарыңызға осы ақпаратты таратыңыздар», — делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарламадағы ақпаратты теріске шығарып, жалған мәлімет деп атады.

Онда «фейк» ақпараттың бүкіл белгілері бар:

  • Нақты елді мекен немесе күн көрсетілмеген
  • Ақпараттың дереккөзі белгісіз
  • Ресми органдар растамаған

Бұдан бөлек, дәл осы хабар былтыр Астанада таратылған болатын.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/