Темекіні тастай алмадым. Оны қою үшін қандай дұға оқыса болады?

0

Құрметті сұрақ жолдаушы, Алла Тағала Құранда:

إِنَّ اللَّهَ لَا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُوا مَا بِأَنفُسِهِمْ

«Шынында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оларды өзгертпейді…» — дейді[1]. 

Яғни, ол жаман әдеттен арылуға ұмтылмасаңыз, оның өз-өзінен кетуі екі талай.

Сондықтан да, шылымды тастауға белді бекем буып, сол мақсатта жігерлілік таныта отырып, мына дұғаны оқып жүріңіз:

الَّلهُمَّ إنِّي أسألُكَ بأنَّي أشهدُ أنَّكَ أنتَ اللَّهُ لا إلهَ إلاّ أنتَ الأحَدُ الصَّمدُ الَّذِي لمْ يَلدْ ولمْ يُولَدْ ولمْ يكُنْ لهُ كفوًا أَحَدٌ

«Аллаһуммә инни әс’әлүкә би’әнни әшһәду әннәкә әнтәлЛаһуль ләзи лә иләһә иллә әнт. Әл-Әхәду, Ас-Сомаду, әл-Ләзи ләм ялид, уә ләм юләд. Уә ләм якүл ләһу куфуән әхәд». 

(Мағынасы: Аллаһым, сенен басқа тәңір жоқ екендігіне шынайы түрде күәлік ете отырып, Сенен сұраймын. Жалғыз, еш нәрсеге мұқтаж емес, тумаған да, туылмаған да және еш нәрсе оған тең келмейтін (Құдай) сенсің) 

» اللهمّ أرني الدُّخان باطلًا، وارزقني اجتنابه، واجعله مكروهاً في نفسي

«Аллаһумма әринид духонә батыйлән, уәр зуқнижтинәбәһ, уәжъалһу мәкруһән фи нәфсий».

Мағынасы: «Уә Құдайым, маған темекінің мәнсіз, пайдасыз екендігін ұғындыр және одан ұзақ тұруымды нәсіп ет, әрі оны маған жек көрінішті қыл». 

Дұғаның бірінші бөлімін арабша айтып, екінші бөлімнің қазақша мағынасын айтсаңыз да болады.   

Абдусамат Қасым