UNICEF: Украинада 262 бала өлтірілді
Украинада ақпанда басталған қарулы қақтығыс салдарынан 262 бала көз жұмды, — деп хабарлайды Kznews.kzжаңалықтар порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Тағы 415 жеткіншек жарақат алған. Жүз күнге жуықтаған аралықта гуманитарлық көмекке мұқтаж балалар саны 5 миллион 200 мыңға жеткен. Бұл мәліметтерді ЮНИСЕФ Балаларды қорғаудың халықаралық күніне байланысты жариялады.
Қор өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл жолы жеткіншектердің басына төнген қасірет ауқымы тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс зардабынан да асып түскен. Халықаралық ұйым өкілдері қазір Украинада күніне кем дегенде 2 бала көз жұмып, 4 жеткіншек жараланатынын айтады.
(фото 1news.az)