Үндістанда ер адамның көзінен қанды жас аққан
Астана, Baq.kz. Үндістанда ер адам екі көзінен қан аралас жа ағуына байланысты аурухана мамандарының көмегіне жүгінген. Бұл жөнінде Вести.ру порталы хабарлайды.
22 жастағы ер адам Үндістанның Порт-Блэр қаласында орналасқан медициналық институтқа келген. Оның көздерінен екі рет қанды жас аққан соң, үндіс дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қан ағуы мен тоқтауы еш себепсіз күрт орын алған.
Мамандар көптеген тестілер мен зерттеулер жүргізіп, ер адамның толық сау екеніне көз жеткізген. Негізінен, қанның ұюы мен капилляр беріктігі тексерілген.
Нәтижесінде, оған «гемолакрия» деген лиагноз қойылған. Бұл жас қанмен араласып ағатын өте сирек кездесетін жағдай. Нақты себебі анықталмаған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ