Үндістанда ауруханада өрт шығып, 13 науқас қаза тапты

0
193

МАХАРАШТРА. ҚазАқпарат — Үндістанның Махараштра штатындағы ауруханада шыққан өрттен жансақтау бөліміндегі 13 пациент көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANI агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдар ем қабылдаған ауруханада болған. Қалған науқастар жақын маңдағы медициналық мекемелеріне ауыстырылды.

Өрт сөндірушілер екі сағат ішінде жалынды ауыздықтады. Оқиғаның себептері анықталуда.