Үнді штаммы еліміздің барлық өңірлерінде таралып жатыр

0

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған адамдардан алынған, оң нәтиже көрсеткен зертхана үлгілеріне ПТР скрининг өткізді.

Бұған өте жұқпалы әрі қауіпті «Дельта» штаммының әлемде және елімізде белең алуы түрткі болған.

«1 шілдеде үнді штаммын анықтау үшін 414 үлгіге ПТР скрининг жасалды. Нәтиже бойынша үнді штаммы барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында табылып отыр. Үлесі — 48,3 пайызға жетті», — делінген хабарламады.

Мутацияға түсуі және оның «Дельта» штаммына жататыны әлі нақтылана түспек. ДНҚ толық геномдық реттілігі аяқталғаннан кейін белгілі болмақ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, 1 шілдедегі жағдай бойынша «Дельта» SARS-CoV-2 штаммы әлемнің 96 елінде анықталған.