Үнді кәсіпкері «АрселорМиттал Теміртауды» қалай, кім арқылы иеленді?

0
1619

Бұл туралы Orda.kz сайты ауқымды зерттеу жұмысын жүргізе отырып, хабарлайды.

Бір кездері «Кармет» металлургия кәсіпорны әлемдік аренада өз орнын тапқан маңызды нысанға айналған еді. Бірақ 90 жылдары қарызға белшесінен батты. Оған себеп — өнеркәсіптің қайта құрылу тұсындағы дүниеқоңыздардың бюджеттен ұрлаған ақшасы. Кейін комбинат директорын фойеде әлдекімдер атып өлтірген соң «Карметтің» айналасында түсініксіз жүйелер пайда болды. Бұл Тәуелсіз Қазақстандағы тапсырыспен жасалған алғашқы адам өлімі еді.

Мына жағдайлардан соң бес басшы қатарынан ауысты. Ақыр соңы комбинат «Испат» үнді фирмасының қоластына өтті. Ал ол әлемнің ең бай адамдарының бірі Лакшми Митталдың иелігінде еді.

Назарбаевтың экс-күйеу баласы «Крёсный тесть» кітабында осы келісімге бірінші президенттің тікелей қатысы болғанын, ол өз офшорларына компаниядағы акцияның тең жартысын, сондай-ақ 50 миллион доллар көлемінде пара алғанын жазған.

Компанияның бұрынғы орынбасары 2002 жылы BBC арнасына берген сұхбатында 100 миллион доллар туралы айтып берген. Бірақ ол Назарбаев емес, Патох Шадиевті сөз етті.
Оның сұхбатында, бірнеше жыл қатарынан Шадиевке ақша төленіп тұрғаны, ал ол жергілікті билік пен салық жүйесіндегі мәселелерді шешіп тұрғанын жайып салды.

«Карметтің» қазіргі құны айтылмайды. Бірақ Inbussiness-тің жариялаған ақпараты бойынша, өнеркәсіп құны 225 млн долларды құраған.

Салыстыратын болсақ, «Криворожсталь» украиналық комбинатын «АрселорМиттал» 4,8 млрд долларға сатып алған еді. Ал «Кармет» үшін 21,5 есе көп төлеген.

Келісім бойынша, Қазақстан «АрселорМитталТеміртауды» ең төмен бағалармен қамтамасыз ету керек. Ал компания шығыны табиғатты қорғау заңдылықтарына сәйкес, 200 млн тенгеден аспауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, қалғанын мемлекет төлейді.

Сондықтан «АрселорМиттал» қандай заң бұзушылықтарға барса да, небәрі 200 млн тенгемен құтылмақ. Мәселен, осы күнге дейін 100-ден аса қазақстандық азамат қаза тапты.

2007 жылы жұмысшылар өздерін компанияның оларды «құлдық» жағдайда ұстайтындарын ашық жариялады.

2021 жылғы есеп бойынша, «АрселорМиттал Теміртау» 3,4 млн тонна болат, оның солтүстік-америкадағы бөлімі 8,4 млн тонна болат өндірген. Бірақ қазақстандық жұмысшылардың орташа жалақысы 144,5 мың теңгені, ал солт.америкадағы бөлімінде 1,8 млн теңгені құрайды. Украинадағы орташа жалақы — 330 мың теңге.

Жағдай осындай. Бүгінгі күні үнді кәсіпкерінің жеке яхтасы (125 млн доллар), Лондонда «Тадж Миттал» сарайы (128 млн доллар), жеке ұшағы бар.

Фото: Ulysmedia.kz