«Үміттенемін»: Айқын Төлепберген тағы да үйлене ме?

0

Айқын Төлепберген екінші әйелі Жұлдызды соңғы ғашығы болуын тілейді. Алайда жүрек мәселесін Алланың шешетінін айтқан әнші, оны да сеніммен айта алмайды. Дегенмен бірінші әйелімен ажырасқанда балаларын қия алмай қиналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Үміттенемін. Оны бір Алла біледі. Соңғы ғашығым болса екен деп Алладан сұраймын. Бірақ оны біз шешпейміз ғой. Оны жоғарыдағы адамдар шешеді. Бірақ ендігәрі оны жасамайтын сияқтымын. Мәселе Әселде емес, балаларда екен. Қанша дегенмен баланы қимайды екенсің. Бала болмай ажырасып, басқа әйел алу өте оңай екен. Бірақ баланы қию өте қиын. Балаңа басқа жақта тұрып жатқаныңды түсіндіру қиын екен», – дейді Айқын Төлепберген «TaleLike» бағдарламасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, әнші егер бірінші әйелі күйеуге шығып жатса, онда оның тойын жасап беруге уәде етті.

«Уақыт көрсетеді. Бес жылдан кейін мүмкін өзім тойын жасап беретін шығармын. Себебі бақытты ана ғана балаларды бақытты қылады. Егер жақсы азамат табылып жатса міндетті түрде оған келісеміз. Бірақ әзірге балалар өссін. Бірақ Әсел маған да ұзақ шешім қабылдады. Ол тез біреуді таба салуы мүмкін емес. Сондықтан ол қазір болатын нәрсе емес деп ойлаймын. Әсел ең алғашқы махаббатым. Біз бірге белестерге жеттік. Көп әртістер маған «Айқын сен қалайша олай істейсің? Бала-шағаңды ойламайсың ба?» деді. Әке-шешем де ұрысты. Бірақ аттарын атамай-ақ қояйын бірақ жоғарғы буындағы кез келген әншіні алыңызшы, бір рет ғана үйленген ешкім жоқ», – дейді әнші.

stan.kz