Ұлыбритания Путинді жалған ақпарат таратқаны үшін айыптады

0

Ұлыбритания Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Ұлыбританияның Украинаға құрамында таусылған уран бар танк снарядтарын жіберу туралы шешіміне қатысты жалған ақпарат таратты деп айыптады. Путин бұл оқ-дәрілердің «ядролық компоненті бар қару» екенін айтқан, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

Теу Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі мұндай материалдың ядролық қаруға ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Өз кезегінде, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ұлыбританияның снарядтар туралы шешімі арқылы Ресей мен Батыс арасындағы «ядролық қақтығысқа» дейін аз уақыт қалғанын мәлімдеді.

«Тағы бір қадам жасалды, аз қалды», — деді ол жергілікті журналистерге.

фото: kun.kz