Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы қашан өтеді?

0
80

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кездесу жұмысты ұйымдастыру сипатында өтеді, сарапшылар басым бағыттарды анықтап алмақ

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы болжам бойынша 28 тамызда өтеді. Президенттің кеңесшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин Sputnik Қазақстанға алдын ала мәлімет берді.

«Қазір Ұлттық кеңес қызметінің механизміне қатысты бірқатар мәселе бар. Қандай жұмыс топтары құрылатынын, оның құрамына кімдер кіретінін анықтап алу керек. Құрылған топтар өз отырыстарын өткізіп, басым бағыттарды белгілейді деген пайымдау бар. Кездесудің нақты күні әлі келісіліп жатыр, әзірге 28 тамыз деп отырмыз», – деді Қарин.

Бұған дейін үкімет отырысында хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторийін қарайды. Ерлан Қарин алғашқы жиын жұмысты ұйымдастыру сипатында өтеді деп түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Ұлттық кеңес құрамына кімдер кірді – толық тізім

«Біз кеңестің жұмыс регламентін талқылауымыз керек. Ұлттық кеңес мүшелері ең маңызды тақырыптарды анықтайды. Біздің тарапымыздан қандай да бір мәселенің міндеттелгенін қаламаймыз. Барлық мүшенің ұсыныстарын тыңдау қажет», – деп атап өтті Қарин.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі деген не?

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (Ұлттық кеңес) – Қазақстан Республикасының президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Оның ережесі мен құрамын Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың шілдесінде бекітті.

Ұлттық кеңестің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Тағы оқыңыз: Ұлттық кеңес қандай мәселені қарайды?

Кеңестің төрағасы – президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Төрағаның орынбасары – президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев; хатшы – президент кеңесшісі Ерлан Қарин.

Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саланың қырықтан астам сарапшысы енді.



sputniknews.kz