Ұлттық экономика министрі алғашқы отырысқа коммуналдық қызмет түбіртегімен келді

0

Арыздарыңызды қалдырыңыздар, әрбір жағдайды бақылауға аламын — Дәленов.

Су жаңа Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистерге өзінің коммуналдық қызмет төлемдерінің түбіртегін көрсетті. Ол осындай тәсіл арқылы тілшілердің ТҮКШ тарифтерін төмендету туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

— Мен кеше поштадан тарифке қатысты түбіртек алдым. Әлі қараған жоқпын, бірақ оқып берем. Электрқуаты бойынша тариф 15,32 теңге болатын, қазір 13,89 теңге, 10%-ға төмендеген. Бұл Астана бойынша. Жылу 3097 теңге болатын, 2788 теңгеге арзандап — 10%-ға төмендеген. Осылай әрі қарай кете береді, — деді ол.

Егер, жағдай бұлай болмай шықса, мәселені бақылауға алу үшін министр өзіне тікелей хабарласуға болатынын айтты. Бұдан бөлек, ол «әр бір азамат көріп, тексере алуы» үшін министрлік тарифтер жайлы ақпараттың барлық қалалар мен облыстарға ілінетініне уәде берді.

— Монополистер хабарлап отырған және түбіртекте көрсетілген біздердің қолымыздағы тарифтер жайлы. Арыздарыңызды қалдырыңыздар, олардың арзандайтыны туралы уәде беріліп, хабарланғандай мен әрбір жайтты бақылауға аламын. Адамдар өзгерістің барын сезінуі қажет, — деп түйіндеді ол.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz