Ұлттық банк басшысының қолы қойылмаған банкноттар жалған ба?

0

Интернетте жалған банкноттар туралы видео таратылуда.

Видео авторы 2000 теңгенің екі купюрасын көрсетеді. Оның айтуынша, олардың бірінде Ұлттық банк басшысының қолы қойлмаған, сондықтан ол қолдан жасалған.

Бұл туралы ақпаратқа Ұлттық банк жауап берді.

«Ұлттық Банк Төрағасы қол қойған және қол қоймаған 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрлері үшін қабылдануы керек», деп хабарлады Ұлттық банк.