Тоқаев ата-аналарды карантиндегі оқуға қатысты түсіністік танытуға шақырды

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ата-аналарды карантиндегі оқуға қатысты түсіністік танытуға шақырды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

«Ата-аналар сабырлық және түсіністік танытулары керек. Мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде орын алып отыр. Біз білім сапасының төмендеуіне жол бермеуіміз керек», — деді Тоқаев дүйсенбіде коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу шаралары жөніндегі кеңесте.

Оның айтуынша, «оқыту нәтижесінің мониторингін жүргізіп, оқытудағы кемшіліктерді жою шараларын уақытылы қабылдау қажет».

«Үкіметке өңір әкімдерімен бірге шектеу шараларына қарамастан білім сапасына бақылауды күшейтуді тапсырамын», — деді Тоқаев.