Ұлттық банк 500 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Ұлттық банк азаматтарға 10 маусымға дейін уақыт берді, одан кейін тек 2017 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар айналымда қалады

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Осы жылдың 10 маусымында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналымнан алынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, 2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттардың екі түрі бар. Біреуінде ұлттық банк төрағасының қолы қойылған, екіншісі қолтаңбасыз. Осы жылдың 10 маусымында екеуі де айналымнан алынады.

Бұл уақытқа дейін олар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында қабылдануға міндетті. Ескі банкнотты қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, ұлттық банктің аумақтық филиалына жүгіну қажет.

Тағы оқыңыз: Тоқаев ұлттық банкті көшіру туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымнан кейін 2006 жылғы ескі үлгідегі 500 теңгелік банкноттарды бір жыл ішінде екінші деңгейлі банктерде өткізіп, айырбастауға болады.

Бір жыл аяқталғаннан кейін, ұлттық банктің филиалдары тағы үш жыл бойы ескі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.

10 маусымнан кейін тек 2017 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар айналымда қалады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз