Украинаның президент сайлауы 2019: Владимир Зеленский жеңді
Қысқа сілтеме алу
Украинаның президент сайлауында бастапқы нәтижелер бойынша сайлаушылардың 73,2 проценті Владимир Зеленскийге дауыс берген
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Шоумен Владимир Зеленский экзит-полдың бастапқы нәтижелері бойынша Украинадағы президент сайлауында жеңіске жетті.
Орталық сайлау комиссиясы Украина президентінің есімін 1 мамырдан кешіктірмей жариялауы тиіс.
Владимир Зеленскийдің штабы жеңісті тойлауды бастап та кетті.
«Мақсатымызға жеттік! Маған қолдау көрсеткен ата-анама үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олар осының бәріне төтеп берді. Күш-жігер танытқан әйеліме рахмет. Егер мен туралы айтылған сөздерді кезінде естісе, маған күйеуге шықпас еді. Балаларыма, бүкіл отбасыма рахмет. Командама, сарапшыларға, заңгерлерге, бақылаушыларға — бәріңізге рахмет», — деді Зеленский экзит-полл нәтижелерінен кейін.
sputniknews.kz