Реферат: География | Дүниежүзілік өнеркәсіп

0
255


Өнеркәсіптің құрылымы және орналасу заңдылықтары.

Өнеркәсіп – бұл өндірістік сала. өйткені кез келген дайын бұйым міндетті түрде азды-көпті өнеркәсіптік өңдеуден өтеді. өнеркәсіптің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды. Оған негіз болған қолөнер орта ғасырларда мануфактуралық өндіріске, ал ол өз кезегінде сан салалы өнеркәсіпке ұласты. Бұл өзгерістерге алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп өндірісін жолға қою үшін қажетті бастапқы күрделі қаржының жинақталуы және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуы түрткі болды.
Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістерді жиынтығы болып табылады. өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (тас көмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салалары (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
өнеркісіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді.
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен метеллургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуына ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына «астаналық» фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық аудандар көбірек орналасады, бұл аумақтарда халықаралық экономикалық аудандар қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жа теңіз жағалауларына «ығысуы» да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңындағы сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған.
Сонымен, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық тиімділік факторы негізінде бір салалардағы кәсіпорындар шашырата орналастыру байқалады.

Отын-энергетика кешені
Отын-энергетика кешен отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді. Оның негізгі міндеті – халықты, шаруашылықтың барлық салаларын қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртқа шығару. Отын-энергетика кешенінің отынды өндіру мен оны алғашқы өңдеуді, электр энергиясы мен жылу өндіру, оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі мен құбыр арқылы жеткізіп беру процестерін қамтиды.

ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНІНІҢ ҚҰРАМЫ

Отын-энергетика кешенінің еліміздегі барлық шаруашылық жұмыстарын қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру, 2000 жыл (кВт/сағ)

Кен өндіретін елдер Мөлшері Аз өндіретін елдер Мөлшері
Норвегия
Канада
Швеция
АҚШ
Аустралия 31852
19019
17865
14400
11003 Конго Дем.Респуб.
Ангола
Судан
Танзания
Эфиопия 109
85
67
62
20
Металлургия және машина жасау өнеркәсіптері.
Металлургия

Бұл жүйеге біріккен салалар кен өндіру, өңдеу және одан металл алуды іске асырады. Металлургия зауыттары мүмкін болғанша шикізат көздеріне жақын орналасады. Қара металдар да, түсіт металдар да басты конструкциялық материал ретінде кеңінен қолданады.
Металл – машина, үйлер мен құрылыстар қаңқасы. Халық шаруашылығының көптеген салалары металлургиямен құрамдасады.Металлургия өнеркәсібі электр энергиясы, көмір, табиғи газ, әктас,отқа төзімді материалдар, түсті металдар, ферроқорытпалар алу және ьолаттың сапасын арттыру үшін су, көлік құралдарын көп тұтынады.Көріп отырғанымыздай, металлургия өнеркәсібінің байланыстары өте көп.
Қара металлургия металдар мен қорытпалар өңдеуде жетекші орын алады. Қара металдарға темір, болат, шойын жатады.Қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Қалған металдар / хром,никель, ванадий, кобальт,маргенец т.б. / сапалы болат түрлерін алу үшін қоспа ретінде пайдаланылады.
Темір және оның басқа элементтері мен қорытпалары қара металлургияның негізін құрайды.
Түсті металлургия кұрылымы жағынан күрделі өнеркәсіп саласына жатады. Түсті металлургия табиғи касиеті және атқаратын қызметі тұр-ғысынан шартты 7 топқа бөлінеді:
1) негізгі немесе ауыр түсті металдар (мыс, корғасын, калайы, мырыш, никель);
2) жеңіл түсті металдар (алюминий, магний, титан, натрий, калий т.б.);
3) сирек кездесетін түсті металдар (висмут, кадмий, сурьма, мышь-як, кобальт, сынап);
4) қоспаға тиімді түсті металдар (вольфрам, молибден, тантал, ниобий, ванадий);
5) асыл металдар (алтын, күміс, платина мен платиноидтар);
6) шашыранды және өте сирек кездесетін металдар (цирконий, галлий, индий, таллий, германий, стронций, селен т.б.);
7) радиоактивті металдар (уран, бериллий, осмий, радий).
Түсті металлургия кұрамына мыс, мырыш-корғасын, никель кобальт, алюминий, титан-магний, вольфрам-молибден, асыл металдар өндіру, қатты қорытпалар, сирек кездесетін металдар өндіру салалары, сонымен бірге уран мен алмаз өндіру, байыту, өңдеу кіреді. Технологиялық өндірістік цикл мынадай стадиялардан (сатылардан) түрады:
— бастапқы табиғи шикізатты өндіру мен байыту;
— металл қорыту;
—түсті металдарды өңдеу және әр түрлі формадағы бұйымдар шығару (прокат, сым, қалыптық формалар т.б.)
Дүние жүзі нарығында шикізат пен жартылай фабрикаттармен салыстырғанда дайын өнімдер жоғары бағаланады. Мысалы, 1 т глиноземнің (А!2О3) бағасы 1500-2000 АҚШ долл. болса, одан алатын 1 т таза алюминий прокаты 4000-5000 долл. дейін бағаланады. 2003 ж. дүние жүзі рыногында 1 т мыс металының бағасы 1647-2178 АҚШ долл., мырыш — 819-914, алюминий — 1415-1549, никель — 9968-13526 долл. болды. Сондықтан жоғарыда көрсетілген өндірістік циклдарды толығымен кұру біздің мемлекетіміздің экономикасы үшін аса кажет. Қазақстан түсті металлургиясы шикізат базасының басты ерекшеліктері:
– түсті металл мен полиметалл рудаларына бай қоры;
– түсті, сирек және өте сирек кездесетін металл рудаларынын ке-шенділігі, яғни өңдеу стадияларының бірнеше рет кайталануы, және қалдыктардан әр түрлі дайын өнім алу;
– ұзақ уақыт пайдалануға байланысты кейбір кен орындарында ру-далардың таусылуы немесе кұрамында металдың азаюы;
– жаңа кен орындарын игеру арқылы шикізат базасын нығайту, оны өндіру технологиясын жетілдіру және кешенді түрғыда өңдеу ақкылы руда кұрамындағы барлык түсті металды саралап алуға тырысу;
– түсті металл рудаларының коммуникациялық жүйе (көлік т.б.) дамымаған және суға тапшы аймақтарда орналасуы;
-түсті металл рудаларын өндіретін аймақтардың экологиялык мә-селелері және оны шешу жолдары.
Түсті металлургия шикізат базасын нығайту мәселесі XX ғ. 70-ші жылдарынан басталды. Оның себептері: геологиялык барлау жұмыстарының тежелуі, кен орындары мен рудниктердің, шахталардың техникалык кұрал-жабдықтарымен нашар қамтамасыз етілуі, күрделі қаржының басым бөлігін уран рудасы кен орындарын ашу, барлау, өндіру, байыту өндірісіне жұмсалуы себеп болды. Түсті металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының орналасуы көптеген табиғи және экономикалык факторлаға байланысты. Техникалық-экономикалык ерекшеліктеріне байланысты ол дайын өнім алу үшін материалды (шикізатты) көп жұмсайтын өндіріс салаларына жатады. Рудалардың кұрамында мыс, калайы, мырыш, никель, корғасын т.б. металдардың үлесі бар болғаны бірнеше пайызға немесе бірнеше есеге төмен ширек пайызға ғана тең болады, яғни көптеген түсті металдар рудада бір пайыздың ширегіне жетпейді. Сирек кездесетін түсті металдар өндіру үшін шығындалатын шикізаттың кұны дайын өнімнен жүзден астам, тіпті мын есе асып түседі. Сондықтан көптеген кәсіпорындардың бірінші технологиялық сатысы шикізат орындарына жақын, яғни түсті металдар рудасы кен орындары, рудниктер мен шахталардың маңайына жакын орналасады. Кешенді байыту технологиясы және әр түрлі өндірістік қалдықтарды өңдеу олардың экономикалық тиімділігін арттырады.
Орналасу факторларының ішінде екінші орынға энергетикалық фак-торды қоюға болады. Никель, алюминий, магний, титан т.б. көптеген металдарды қорыту үшін электр энергиясын көп жұмсау керек. Мысалы, 1 т никель алу үшін 50-55 т шартты отын, 1 т алюминий — 17-18 мың кВтсағ, магний — 18-28 мың, титан — 20-60 мың кВтсағ электр энергиясын жұмсау керек. Түсті металдарды өңдеу және олардан дайын өнімдер алу тұтыну ерекшеліктеріне және техникалык мүмкіндіктерге байланысты орналасады.
Машина жасау. Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36-40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау – 300 –ден аса өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін,шығаратын өнім түрі бірнеше миллионнан есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдастыру тиімді болып табылады. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі «Дженерал Моторс», «Форд Мотор», «Дженерал Электрик» (АҚШ), «Даймлер-Крайслер», «Сименс» (ГФР), «Мицуи», «Мицубиси», «Тойота Мотор» (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді.
Өсімдік, мал, балық шаруашылығы
Жоғарыда айтып өткендей, ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Чонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүние жүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың таралу аймақтарына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде.
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары
(Н.И. Вавиов пен В.В. Вольский бойынша)
Орталықтары Басты мәдени дақылдары Үй жануарларын мен құстары
Жерорта теңізі Арпа, зығыр, жүзім, апельсин, зәйтүн, құрма Ешкі, қой, ірі қара
Оңтүстік-Батыс Азия Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, кендір, бұршақ, қызылша, жүзім Ірі қара, жылқы, бактриан (екі өркешті түйе), ешкі, қой, үйрек
Оңтүстік Азия Күріш, бидай, қант құрағы, мақта, джут, шай, кокос пальмасы Ірі қара (буйбол, зебу), үйрек, қаз
Шығыс Азия Күріш, соя бұршағы, гаолян, арпа, тары, шабдалы, абрикос Қодас, шошқа, тұт жібек көйлегі
Оңтүстік-Шығыс Азия Күріш, ямс, таро,саго, банан, қант құрағы Шошқа, тауық
Эфиопия Бидай, арпа, сорго, тары, кофе, мақта, банан Дромедар (бір өркешті түйе), есек
Батыс Африка Күріш, тары, ямс, май пальмасы, қарбыз, қауын Шошқа
Орталық Америка Жүгері, маниок, батат, жержаңғақ, какао, сизаль, мақта, темекі Күркетауық, үй қояндары
Анд тауы Жүгері, картоп, асбұршақ, мақта Лама, альпака

Балық шаруашылығы – дүниежүзілік шаруашылықтың ежелгі және ең маңызды саласы. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т-ға жетіп отыр. Оның 9/10-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал құс пен етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20-30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктермен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әр түрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т.б.) іс әрекеттері толық жүзеге асырады.
Балық аулау теңіз жағалық елдерінің барлығында таралғанымен, дүниежүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің – Жапония, Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдің үлесіне тиесілі. Балықтар материктік қайраңдар мен жылы және суық мұхиттың түйіскен аудандарында көбірек ауланады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!