Украинаның экс-президенті Янукович жұмада ауруханаға түскен — Жаһан

0

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович жұмада Мәскеудегі Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институты ауруханасына түсті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Саясаткер ауруханадан сол күні шыққан.

«Ол осында болды, бірақ бізде жатқан жоқ. Жұмада түсті, оған көмек көрсетіліп, сол күні үйге жіберілді», — деді медициналық мекеменің анықтама бөліміндегілер.

Украинада 2014 жылы 22 ақпанда мемлекеттік төңкеріс болды. Жоғарғы рада президент Виктор Януковичті биліктен аластатып, конституциясын өзгертті және президенттік сайлау тағайындалып, Петр Порошенко жеңді.