Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізіледі

0

Қазақстан Украинадағы азаматтарын репатриация рейсі арқылы елге жеткізеді, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі растап отыр.

Елшіліктің хабарламасында Air Astana әуе компаниясының 25-26 ақпанда репатриация рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны жазылған. Аталған рейс Польшаның Катовице қаласында. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етілмек. «Азаматтардан Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті — Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19», — делінген хабарламада. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.