Украина Ресей басылымдарына төтеп беретін орыстілді телеарна ашпақ

0

Украина дүниежүзілік орыстілді телеарна ашпақшы. Оны құрудағы бір мақсат — Украинаның шығысына хабар таратып отырған Ресей мемлекеттік ақпарат құралдарына төтеп беру. Бұл туралы 29 шілдеде Украина президенті кеңсеcінің өкілі Кирилл Тимошенко хабарлады.

Биыл Украинада өткен президент сайлауында үкімет күштері мен Ресей қолдауына сүйенген сепаратистер арасындағы жанжалды тоқтатуға уәде берген Владимир Зеленский айқын басымдықпен жеңіске жеткен.

Бес жыл бұрын Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Украинаның шығысында туындаған жанжал салдарынан осы күнге дейін 13 мыңнан астам адам қаза болған.

«Украина оккупацияланған Донбасс пен Қырымда тұрып жатқан азаматтарының ой-санасына ықпал ету үшін жүріп жатқан ақпараттық соғыста жеңіліп қалғанын мойындау керек» деді ​Кирилл Тимошенко «Интерфакс-Украина» агенттігіне берген сұхбатында.

Оның сөзінше, «жағдайды өзгертуге әлі мүмкіндік бар».

«Біз әлемдегі орыстілді тұрғындарын тегіс қамти алатын украиналық орыстілді арнаны іске қоспақпыз» деді Тимошенко.

Оның пікірінше, жаңа арна мемлекеттік болуы тиіс, бірақ ақпаратты жекеменшік арналардан алатын болады.

Azattyq