Украина парламенті Зеленскийді ұлықтау рәсімінің уақытын бекітті

0

Украина жоғарғы радасы елдің жаңа сайланған президенті Владимир Зеленскийдің инаугурациясын 20 мамырда өткізетін болды. Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметі хабарлады.

Бүгін, 16 мамырда өткен парламент отырысында депутаттар инаугурация күніне қатысты бірнеше ұсынысты қарастырды. Жаңа президенттің ант беру рәсімін 17 мамырда, 19, 20, 26 және 28 мамырда өткізуді сұрағандар бар.

Зеленскийдің өзі ұлықтау рәсімін 19 мамырда өткізуді сұрап, сынға қалған. Украиналықтар 19 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтеді.

Azattyq