Украина мен Ресей соғысы қай жылға дейін жалғасуы мүмкін?

0
70
Фото news-life.org сайтынан алынды

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович Ресеймен соғыстың қашанға дейін жалғасатыны туралы жолжам жасады. Ол Ресей мен Украина 7-8 жыл сайын соғысып отыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ресеймен соғыс кезең-кезеңмен 2035 жылға дейін жалғасуы мүмкін. 2-3 жылда бір кішігірім қақтығыстар болуы ықтимал. Ал 7-8 жылда ірі соғыстар болуы мүмкін. Бұл дегеніміз, Израиль-араб шайқасы секілді сұрапыл. Сондықтан бұл жағдайға кей азаматтар дайын болмаса, өздеріне қолайлы, жылы жаққа кеткені дұрыс. Мәселен, Испанияға. өз басым отбасымды ешқайда алып кетпеймін. Мен өз жерімде қаламын», – деді Арестович.

Айта кетейік, ол бұған дейін Ресейдің соғыс ашатынын, Киевті алу мүмкін еместігін де дұрыс болмаған.