Украина мен Грузия НАТО-ға мүше болады

0
788

Украина мен Грузия Солтүстік Атлантикалық Альянстың мүшесі болады. Бұл туралы 23 тамызда Қырым платформасы саммитінде НАТО Бас хатшысының орынбасары Мирча Джоанэ мәлімдеді.

Ол сондай-ақ «НАТО Ресей Федерациясының Қырымды заңсыз қосуын байыпты айыптайды және ешқашан мойындамайды» деп мәлімдеді.

«Қырым – Украинаның аумағы, сондықтан біз Ресейден түбекті бақылауды Украинаға қайтаруға шақырамыз. Ресейдің әрекеті украин халқына сөзбен айтып жеткізе алмайтын азап әкелді, олар халықаралық құқыққа нұқсан келтіреді, олар шынымен де халықаралық тәртіп жүйесіне қауіп төндіреді», – деді Альянс Бас хатшысының орынбасары.

Джоанэ сонымен қатар Ресейді «кеме қатынасы еркіндігі мен Украина порттарына тыныштықты» қайтаруға шақырды.

«Бұл тек Украина үшін ғана емес, бұл бәріміз үшін де – еркін демократиялық әлемдегі мәселе», – деп атап өтті НАТО өкілі.

Сондай-ақ саммитте Джоанэ 2014 жылдан бастап НАТО Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі шығыс қанатын күшейткенін айтты.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты