Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ербол Мәндібектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұрлыбек Нәлібаевтың жауабы
Той жасағаным рас. Негізі мен 250 миллионға өткізгім келген. Бірақ, мынандай қиыншылық заманда ұят болар деп 113 миллионға ғана өткіздім. Үнемдегенде осындай ақша шықты.
Неше күннен бері сол 113 миллион туралы сұрап жатсың. Ол ақша менікі емес.Әйелімнің інісінен, нағашыларымнан, жиендерімнен, құдаларымнан қарызға алдым. Сосын, каспий банктен 1 миллион, Халық банктен 5 миллион кредит алдық. Еще Бердібек көкем пенсиясын берді.
Қырсыққанда тойға подаркі дұрыс түспеді. Мәслихаттың хатшысы, облыстық бизнесмендер, Үкіметтегі браттар 10 мың доллардан ғана әкеліпті. Кезінде мен солардың тойына 30-40 мың доллар подаркі беруші едім. Мыналар ұятсыз екен.
Общым, бір Той жасаймын деп қарызға баттым. Зарплатам болса 1,5 миллион ғана. Әйелімнің бизнесі енді ғана жанданып жатыр. Ұлым завод ашқысы келеді. Бердібек көкем пенсияда. Бір сөзбен айтқанда жағдай қиын.
Тойға Президент Тоқаевты шақыруға қорықтым. Мынандай шекарный тойды қалай істедің, ақшаны қайдан алдың деп тост айтып тұрғанда ұрсып тастаса қайтем?
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловты шақырдым. Бірақ, ол кісі келген жоқ.
Ералы Тоғжанов бейшара байғұс екі мың долларын қыстырып келді. Оның өзінде тығылып қашып әрең жүрді. Тамада Тұрсынбек Қабатов оған біраз прикол ұстады. Шәйді қантпен ішесіз ба деп сұрағаны сол еді тұра қашты. Содан бері көргем жоқ оны.
Общым Ерболжан, миымды ашыта берме. Қызылорданың құдайы мен. Маған кім не десе де ұрмайды, өзімнің дегенімді істеп жүре берем.
Прикинь, биыл бізде 3 мектеп оқу жылына дайын емес. Той өткізгенше соны ремонттап берсемші. И қойш, өткен нәрсе өтті. Енді менің миымды ашытпа»-деп ұрсып жатқан кезде оянып кеттім. Сөйтсем түсім екен.
Қатаң ескерту. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 113 миллионға өткізген тойы туралы әлі жауап берген жоқ. Ресми жауабын әлі күтіп отырмыз», – деп жазды Ербол Мәндібек..
Айта кету керек Нұрлыбек Нәлібаевтың шын мәнінде тойға 113 млн жұмсаған-жұмсамағаны белгісіз.