«Намазханаға кірген»: Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің қазіргі жағдайы белгілі болды

0
1611

Тұңғыш президентінің немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш Алматыдағы жекеменшік ауруханалардың бірінде емделіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Дереккөздің айтуынша, 16 тамызда Самат Әбіш Mercedes-Benz Gelendwagen автокөлігімен Алматыдағы түркиялық клиникаға келген. Оның салмақ тастағаны байқалады. Ешкімнің көмегінсіз өзі қозғалады. Алдын ала болжам бойынша, Самат Әбіш осы клиникаға келіп ем қабылдап кетеді. Ол сондай-ақ, ғимараттың төменгі қабатында орналасқан намазханаға да кірген.

Ақпараттық агенттіктің тілшісі аталған клиникаға барып, Самат Әбішті күткенімен, ол үйреншікті уақытта келмеген. Дегенмен, клиника қызметкерлерінің бірі Назарбаевтың інісінің ем қабылдағанын жоққа шығармаған.

Самат Әбіштің нақты қандай аурумен ауырып жатқаны белгісіз.