«Ұйқыдан оянғанда ол сұп-суық болып жатты” — Роза Рымбаева жолдасы жайлы

0

ҚР Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқаповтың қаза болған күнін есіне алды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі 43 жасында жесір қалған.

“Ол кезде Кеңес дәуірінің дәурені жүріп тұрған уақыт. Жолдасыммен бірге ақылдасып, балалы болуға асықпадық. Өйткені өнерде саған атақ берсе, сен сол атаққа лайық жұмыс істеуің керек. Түрлі конкурстарға қатысып, концерттерден қалмауың керек. Заман сондай болды. Бірақ балалы болуға шешім қабылдағанда Құдай бізге бірден бермеді. Денсаулығымда кінәрат болып, соны емдедім. Содан кейін ана атандым. Басқа әйелдер секілді мен де 3 жыл декрет демалысында отырдым. Бірақ концерттерге барып жүрдім. Әлиді 33 жасымда босандым. 9 жылдан кейін Мәди өмірге келді. Күйеуім ұйықтап жатқан кезінде қайтыс болған. Ұйқыдан оянған кезде ол сұп-суық болып жатты. Мен үшін әрине күтпеген жағдай болды. Бұған дейін бірнеше рет микроинсульт алған. Оған мән бермей, дәрігерлерге бармай жүрді. Ұйқыда жатқан кезінде соңғы инфаркт болған. Ол трагедияға толы күнді айтып жеткізу мүмкін емес. Аяғым ауыр еді. Бірнеше рет ауруханаға түсіп қалдым. Балам түсіп қалып, жүктілік тоқтап қалуы мүмкін еді. Бірақ мен Әли мен ішімдегі баланы ойладым. Сол күннен бері екі ұлыма әке орнына әке болып келе жатырмын», – дейді өнер иесі.

фото: подкаст скриншот