Ұйқы қанбаудың қауіптілігі айтылды — Қазақстан жаңалықтары
Ғалымдар ұйқы қанбау, семіздік, диабет және жүрек ауруларының арты қандай қиыншылықтарға әкеп соғуы мүмкін екендігін айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресейдің жоғары жүйке жұмысы мен нейрофизиология институтына қарасты түс көру нейробиология зертханасының жетекшісі Владимир Дороховтың айтуынша, кейбір адамның бойында ұйқы гені болады екен. Бұл гені бар адамдар төрт сағат қана ұйықтап, сергек болып жүре алады.
Маман жұмыс уақытын ұзарту үшін көп ұйықтау дұрыс емес екендігін атап өтті. Бұған қоса ол ұйқы қанбағандық ағзаға кері ықпалын тигізуі мүмкін.
«Түнде ұйықтау өте маңызды. Себебі ұйықтаған кезде сіздің денеңіз өзін қалыпқа келтіреді. Ал егер ұйқы жетпесе, ол түрлі патологиялық ауытқушылыққа әкелуі мүмкін», — деді зертхана жетекшісі.
Сонымен қатар Дорохов пайдалы ұйқы гені болған тұлғалардың қатарына Маргарет Тэтчер, Наполеон Бонапарт, Александр Македонский мен Уинстон Черчильдің жатқызды.
«Олар төрт сағат қана ұйықтап, өздерінің жұмыстарын жүргізе берген. Бірақ бұл барлығына берілген қасиет емес», — деп қосты ресейлік маман.
Еске салайық, бұған дейін күндізгі уақытта шамадан тыс ұйықтаудың да зияны бар екендігі айтылған еді.
stan.kz