Үйлену тойына бірер сағат қалғанда сұмдық жағдай болды
Қысқа сілтеме алу
Өзінің тек санаулы күн өмір сүретінін білген қалыңдық соңғы тілегін айтты. Алайда оның орындалған сәтін көре алмады
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Шотландияның Карнуэт ауылының тұрғыны үйлену тойына бірнеше сағат қалғанда көз жұмды.
42 жастағы Хэзел Джекке алты жыл бұрын сүт безінің метастатикалық рагы деген диагноз қойылған. Аяғы ауыр болған кезде бала үшін қауіпсіз химиотерапия жасалған. Қазір бала 3-те, деп жазады The Sun.
22 қаңтар күні дәрігер сырқаттың енді емделмейтінін хабарлаған. Өйткені ол терминалды кезеңге өткен. Өзінің тек санаулы күн өмір сүретінін білген әйел соңғы тілегін айтыпты. Ол 42 жастағы сүйіктісіне тұрмысқа шыққысы келетінін жеткізген.
Тағы оқыңыз: Үйлену тойынан кейін «күйеу жігіттің» қулық-сұмдығы әшкере болды
Қалыңдықтың достары әлеуметтік желіде үйлену тойын өткізуге жұрттан көмек сұрады. Той Биггар қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда сол күні таңертең әйел көз жұмды.
«Үйлену тойына қаражат жинап, қолдаған адамдарға алғыс білдіреміз. Той болатын жерде қоштасу рәсімі өтеді. Бәріңізді күтеміз», — деп жазды әйелдің әпкесі.
sputniknews.kz