Ресей коронавирус диагностикасына арналған тест-жүйелер әзірледі

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан Достастықтың басқа елдері сияқты Ресейде әзірленген жаңа типті коронавирусты анықтайтын заттарды алды

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Ресейлік ғалымдар әзірлеген 2019-nCoV жаңа коронавирустың зертханалық диагностикасына арналған заттар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен ТМД елдеріне берілді.

«2020 жылдың 1 және 2 ақпанында 2019-nCoV вирусын анықтауға арналған ресейлік тест-жүйелердің қажетті мөлшері Армения, Беларусь, Қазақстан мен Өзбекстан республикаларына берілді. Бұған қоса, Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізу жоспарланып отыр», — делінген Ресейдің тұтынушылық қадағалау қызметінің сайтында.

Бұл заттар серіктес елдерге тегін берілді, делінген ақпаратта.

Тест-жүйелер «Вектор» мемлекеттік вирусология және биотехнологиялар ғылыми орталығының базасында әзірленді.

Қытайда қауіпті вирустың таралуы

Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралғаны туралы хабарлады. Мамандар ауру 2019-nCoV коронавирусынан таралғанын анықтады.

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 17,2 мың адамнан асты, 361 науқас қаза тапты. Тағы шамамен 150 азамат Қытайдан тыс жерде ауырып қалды, олардың біреуі көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың таралуын халықаралық маңызды төтенше жағдай деп жариялады.

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары жоқ. Республика Қытаймен әуе және теміржол қатынасын уақытша тоқтатты.



sputniknews.kz