Ресейде тұрғын үйде жарылыс болды: құтқарушылар үйінді астынан 37 адамды іздеп жатыр
Магнитогорск қаласының билік өкілдері зардап шеккен тұрғындарға үй алып беруге уәде етті. Қайғылы оқиға Жаңа жыл қарсаңында болған
АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Магнитогорскте газ жарылуы салдарынан қираған үйдің астынан 37 адамды іздеп жатыр.
Іздеу шаралары басталғалы үйінді астынан 12 адам табылыпты, олардың жетеуі қаза тапқан, бесеуі ауруханаға жатқызылды, біреуі бала. Қаза тапқандар арасында балалар жоқ.
Бұдан бөлек, ТЖМ тұрғын үйдің басқа қабырғалары да құлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды РИА Новости.
Қайғылы оқиға орнынан бір тәулік ішінде 37 жүк көлігімен 370 куб метр қоқыс шығарылды.
Апат орнында бір жарым мың адам мен 304 техника жұмыс істеп жатыр.
Челябі облысының билік өкілдері зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтер алу үшін қаражат іздеп жатқандарын мәлімдеді.
Дүйсенбі, 31 желтоқсанда Магнитогорскте он қабатты тұрғын үй подъездерінің бірі қирап қалды. Ресейдің Тергеу комитеті қайғылы оқиғаға тұрмыстық газдың жарылуы себеп болды деп пайымдайды.
Тұрмыстық газ жарылысы болған подъезде 120 адам тұрады екен.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/