Мейвезер Хабибпен жұдырықтасуды сұрап жалынып жүр

0

Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Әли Абдель-Әзиз америкалық боксшы Флойд Мейвезер ресейлікпен жекпе-жек ұйымдастыруды сұрап жалынып жүр деп мәлімдеді. Бұл туралы TMZ хабарлады.

«Бір ай бойынла хабарласып жүрміз. Ол жекпе-жек өткізуді сұрап жалынып жүр. Бұл өтірік десе, мен хатты көрсетемін. Өтірікті айтпа, Флойд», — деді Абдель-Әзиз.

Нурмагомедов былтыр 6 қазанда ирландиялық Конор МакГрегорды жеңіп, жеңіл салмақта UFC белбеуін қорғап қалған еді. Ресейлік аралас жекпе-жектен турнирлерде 27 рет кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Мейвезер болса кәсіпқой бокста 50 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тауып көрмеген.

Бұған дейін Нурмагомедов америкалықпен кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеген.

 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/