Үй-күйсіз қаңғып жүрген Заманбек Нұрқаділовтың қарындасы Мақпал Жүнісовадан көмек сұрайды

0

Кезінде Алматы қаласын басқарған Заманбек Нұрқаділовтың туған қарындасы Рая апай қазір үй-күйсіз қаңғып жүр. Екінші топтағы мүгедек Рая апай бүгінде сөйлеуден қалған. Апайды бағып-қағып отырған қызы Әсел Қалабаева «Ит өмір» бағдарламасында мәселенің мән-жайын түсіндірді.

— Біз қазір Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында тұрамыз. Қолымда екінші топтағы мүгедек анам Рая Қалабаева бар. Анам — Заманбек Нұрқаділовтың туған қарындасы. Анама 2018 жылы жүрегіне ота жасалған, анам ұмытшақ ауруына шалдығып, өз-өзін жоғалтып алды. Қазір төсек тартып жатыр. Мүлдем жүре алмайды, сөйлей алмайды. Анам 71-де. Басымызда баспана жоқ. Өкінішке қарай, анам мен әкем ажырасып кеткен, — дейді Әсел Қалабаева.

Оның айтуынша, Рая мен Заманбектің аналары бөлек адамдар. Бірақ әкелері бір.

— Қалабай мен Кебекбай деген ағайынды кісілер. Қалабайдан Байқожа тарайды. Ал Кебекбайдан Нұрқаділ тарайды.Нұрқаділ мен Байқожа соғысқа аттанады. Нұрқаділ майданда қайтыс болады. Байғожа жараланып қайтып келеді де Күлшарпан апаны әмеңгерлікке алады. Одан Заманбек туылады. Байғожаның екі әйелі болады. Күлшарпан және Тұрлыхан. Ал үйсіз жүрген Рая апамыздың анасы Тұрлыхан екен. Әкелері бір, – деп түсіндіріп берді Рая апайдың қызы Әсел Қалабаева.

Әсел Қалабаева бұған дейін үйлері болғанын, бірақ туысқандарының кесірінен үйлерінен айрылып қалғанын айтады.

— Рая апаны сіңлілері ұрып-соғып бүкіл ақшасын талан-таражға түсірді. Пәтеріміз бар еді, одан да сіңлілерінің кесірінен айрылдық. Содан 1999 жылдан бері үй-күйсіз пәтер жалдап жүрміз. Серік Үмбетов әкім болып тұрған кезде де көмек сұрап әкімдікке хат жаздық. Тоқаевқа да, Азат Перуашевқа, Нұртөре Жүсіпке дейін хат жаздық. Бірақ барлығы «кезектеріңді күтіңдер» дейді. Бірақ біз үмітімізді үздік. Көмектесіңіздерші. Баспана мәселесі жанымызға батты, — дейді Әсел Қалабаева.

Олар көмек сұрап Заманбек Нұрқаділовтың қызы Құралай Нұрқаділоваға барғандарын айтты. Бірақ Құралай ханым оларды қабылдамай қойған. Бар үміттері үзілген Әсел мен Рая апай Заманбек Нұрқаділовтың екінші әйелі — Мақпал Жүнісовадан көмек сұрағылары келгенін, бірақ алдына баруға жолдары түспегенін айтты. Мақпал Жүнісова күйеуінің қарындасының аянышты жағдайынан бейхабар екенін айтты. Бағдарлама барысында Әсел Қалабаева Заманбек ағаның көзін көрген кісі ретінде Мақпал Жүнісовадан көмек сұрады.

P.S. Егер Заманбек Нұрқаділовың қарындасына қолдау көрсеткілеріңіз келсе төменге Әсел Қалабаеваның нөмірін жаздық.

Kaspi Gold: 8-775-052-23-85 (Асель К)