Уханьда коронавирустан жазылған адам сол аурудан көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустан емделіп, ауруханадан шығарылған 36 жастағы жергілікті тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Ли Лян есімді ер адам 12 ақпан күні коронавирустың жеңіл және орташа белгілері бар науқастарды емдеу үшін салынған ауруханаға орналастырылды. Екі аптадан кейін оны ауруханадан шығарып, арнайы орталыққа 14 күндік қосымша карантинге жіберді.

Ли Ляннің әйелінің айтуынша, ауруханадан шығарғаннан екі күннен кейін күйеуі өзін нашар сезінген. 

2 наурыз күні ер адам одан да нашарлай бастаған, оны ауруханаға жеткізген. Ли Лян сол күні көз жұмды.

Уханьдағы денсаулық сақтау комиссиясы берген өлім туралы куәлікте өлімнің себебі COVID-19 деп көрсетілген. Құжатта көрсетілгендей, науқас тыныс алу жетіспеушілігінен көз жұмған.

stan.kz