UFC чемпионы 51 секундта ауыр нокаутқа түсті

«Крис Киборг» бірінші раундта ойламаған жерден нокаутпен ұтылып қалды.
Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Кристиана «Крис Киборг» Жустину (20-1-1) карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Инглвудтағы (Калифорния штаты, АҚШ) UFC 232 турнирі аясында ол бірінші раундта ойламаған жерден Аманда Нуньестен нокаутпен ұтылып қалды. Бұл жекпе-жек 51 секундқа ғана созылды. Нуньестің жойқын нокаутының видеосын назарларыңызға ұсынамыз.
Осылайша, Жустину карьерасында екінші рет жеңілді,ал Нунес 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін кейбір шетелдік журналистер Кристиана Жустинуді қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен салыстырған болатын. Олардың пікірінше, көптеген боксшы GGG-мен жекпе-жектен қашқақтағаны секілді, «Киборгтан» қорқатындар да көбейген. Естеріңізге сала кетейік, биыл Головкин де жеңіліске ұшырап, әлем чемпионы атағынан айырылды.
Дереккөз: Sputnik