Головкин жанкүйерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады — Бокс

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2018 жылдағы қолдауларыңыз үшін рақмет. Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, сәттілік пен амандық тілеймін. Жаңа жыл қуаныш әкелсін! Жаңа 2019 жыл құтты болсын!», — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске салайық, 2018 жылы Головкин екі жекпе-жек өткізді. 6 мамырда өткен кездесуде америкалық қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа түсірсе, 16 қыркүйекте өткен рематчта мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңіліп қалды.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz