Тырнақ – денсаулық көрсеткіші |

0

Тырнақтарыңызға қарап, бауыр, өкпе, жүрек ауруларын айқын аңғаруға болады. Тырнағыңыз не сыр жасырғанын білгіңіз келсе, назар салыңыз.

Біле білген адамға тырнақтың «хал-ахуалы» оның денсаулығынан хабар береді. Тырнақтағы ақ ноқаттар, тегіс емес болуы және сарғыштануы – әлдеқандай аурудың белгісін білдіреді.

1. Сүреңсіз тырнақтар

Өте сүреңсіз тырнақ қабаты кей жағдайларда қауіпті ауруларды білдіреді.  Мысалы: қан аздық, жүрек ауруы, бауыр ауруы сүреңі қашқан тырнақтар арқылы белгі береді. Сонымен қатар, тырнақтың үстіңгі қабатының сүреңсіз реңі тамақтанудың жеткіліксіздігін аңғартады.

2. Ақ түсті тырнақ

Тырнақтың ақ түсті болып келуі әрі қара доғалардың бар болуы – бауырдың ауруын білдіреді. Мысалы, гепатит. Сондай-ақ, бұл тырнақ иесі сары аурумен ауыратыны анық.

3. Сары түсті тырнақ 

Сары түсті тырнақтың ең көп тараған түрі – саңырауқұлақ инфекциясы болып табылады. Инфекцияның өршуінен, тырнақ қалыңдап, сынғыш келеді. Сары тырнақтар кейбір сирек жағдайларда тамақ-жұтқыншақ ауруларын, өкпе, сусамыр, теңбіл қотыр аурулары барын білдіреді. Десек те, аса бір абыржудың қажеті шамалы. Мүмкін Сіз тырнаққа лакты шамадан тыс пайдаланып, оттегінің жетіспеушілігін тудырып алуыңыз да ғажап емес.  

4. Көкшіл түсті тырнақтар

Тырнақтың көкшіл реңді болып келуі ағзадағы оттегінің жетіспеушілігінің салдарынан. Бұл жұқпалы өкпе ауруларын, мысалы өкпе қабынуының белгісі болса керек. Сондақ-ақ, көкшіл тырнақтар жүректің әлсіздігін де білдіреді.

5. Тырнақтағы сызықтар

Егер тырнақтың беткі қабығы тегіс емес болса, ирек әрі сызықты болса, теңбіл қотырдың бастапқы белгісі немесе бұлшықеттердің қабынуы болып келеді. Мұндай кезде тырнақтың түсі өзгереді, ал тырнақ айналасындағы тері қызыл-қоңыр реңді болады.

6. Сынғыш тырнақтар

Үнемі шытынағыш келетін құрғақ, сынғыш тырнақтар тамақ-жұтқыншақ ауруынан хабар береді. Ал, тырнақтың беткі қабатының сылынуы мен сарғыштануы саңырауқұлақ инфекциясын білдіреді.

7. Тырнақ терісінің қабынуы  

Тырнақтың доғал бөлігі – бұл тырнақтың астыңғы бөлігінің бір қабаты. Егер тырнақ терісінің айналасы қызыл әрі ісіңкі болса, тырнақтың қабынуы деп аталады. Бұл инфекция, қызыл жегі немесе  тері ауруларынан хабар береді.

8. Тырнақтың астындағы қара дақтар

Егер тырнақтың астынан қара дақтарды байқасаңыз, тексерілуден өтіңіз. Бұл меланома – тері обырының ең қатерлі түрі болуы ықтимал.

9. Тырнақ көрінісі – басқатырудың бір бөлігі

Тырнақтың өзгеруі әртүрлі себептерден болады. Сол себепті тырнаққа жай ғана қарап алып, өздігіңізше диагноз қоймаңыз. Тырнақтың қалыпты жағдайдан шығуы аурудың бірінші және негізгі белгісі емес. Дегенмен де, тырнағыңыздың сыртқы көрінісі көңіліңізді күпті етсе, әуелі дерматолоқа барыңыз. Ол артықтық етпес.

Дереккөзі: ​syrlasu.kz

Дереккөз: http://reactor.inform.kz