Павлодарда №4 емханаға тіркелген 68 мың адамның медициналық карталары электронды құжатқа көшті

0
110

Медициналық мекемелер жаңашылдық аясында қағазбастылықтан арылуда.  №4 емханада дәрігерлер цифрландыру бағытында қолға алынған бағдарламаларды меңгеруде.

Емхана басшылығының  айтуынша, күнделікті таңғы сағат 8.00-ден бастап емханаға 600-ден астам адам хабарласады екен.Емханада флюрография, рентген аппаратына кезек электронды түрде талон арқылы жүзеге асырылады. Бір аптаның ішінде 615 адам дәрігерді үйге шақырып, 7953 адам қабылдауға жазылған.

Ал 369 адам қабылдауға жазылуда “Damumed” мобильді қосымшасын пайдаланған. Дәрігерлер өз бөлімшелеріне тіркелген адамдардың денсаулығына мониторинг жасай алады.

Бір апта ішінде 500 еңбекке жарамдылық парағы ашылған. Оның бәрі электронды форматта бақыланады.

Қазіргі уақытта тіркеу бөлімі қағазбастылықтан арылды. Емханада тұңғыш рет тұрғындардың қоңырауын қабылдайтын арнайы ID телефон орталығы жұмыс істейді. Мұнда мамандар көп арналы телефон арқылы тұрғындардың сауалына жауап беріп, дәрігер қабылдауына жазады.

Емханада емделушілер үшін «Damumed» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Емханада орнатылған LED экрандарда  мобильді қосымшаны пайдалану ережелері өте қолжетімді және түсіндіру ақпараты бар бейнероликтер көрсетіледі.

DamuMed мобильдік қосымшасын пайдаланушылар дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе дәрігерді үйге шақыртуға, жазылған рецептерді және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қарауға, еңбекке жарамсыздық парақтарын жүктей алуға мүмкіндігі бар.

DamuMed-дәрігерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеу. Қосымша өтініштердің нәтижесін алу және нәтижеге жетуді жылдамдатады.

Емделушілерді қолжетімді түрде қажетті медициналық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Олардың денсаулығына қатысты қажетті шаралар туралы еске салады.

Тұрғындар үйде отырып-ақ дәрігердің қарауына жазыла алады. Дәрігерді үйге шақыруға болады. Дәрігер өз жеке кабинетіне кіріп, үйге шақырғандар мен қабылдауға жазылғандардың санын көреді.

Жеке модуль арқылы емделушілердің барлық қимыл-қозғалысын, емделу қорытындыларын бақылай алады.

Сондай-ақ, бөлімшеге тіркелген тұрғындардың толық тізімін көре алады, оларды жасына қарай,  басқа да қажеттіліктеріне қарай іріктей алады.

Бұл тізім арқылы скринингтен өтуге тиісті тұрғындарды анықтап, ем-шаралардың кестесін түзеп, хабарласа алады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Дереккөз: http://egemen.kz/