“Тыныш жүр” деп ұрып кетті”: Тәуелсіз журналист Данияр Молдабековке шабуыл жасалды
Тәуелсіз журналист Данияр Молдабековке шабуыл жасалды.
Бұл туралы журналистің өзі Telegram каналында жазды.
Журналисті 22 ақпан сағат 9:40 шамасында подъезде бетперде таққан белгісіз біреу «тыныш жүр» деп ұрып кеткен.
Осыған дейін, ІІМ Астана мен Алматыда журналистер мен блогерлерге шабуыл жасаған 18 адам ұсталғанын хабарлаған.
2022 жылдың қыркүйегінен бері Алматы мен Астанада алты журналист пен блогерге қарсы заңсыз әрекеттер анықталған. Қазір сол үшін 18 адам үстінен 20 қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Істер бойынша айғақ қорын толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Динара Егеубаева, Вадим Борейко, Самал Ибраева сияқты тәуелсіз журналистерге шабуыл жасалған еді.