Тұрсынбек Қабатов өзін Нұрлан Қоянбаевты көре алмайды дегендерге жауап берді — Қазақстан жаңалықтары
Әзілкеш, актер Нұрлан Қоянбаев өз қатарластары секілді Алматыға арман қуып келген. Оқуға түсіп, үздік студенттер қатарында болды. Ал, сахнаға КВН ойыны арқылы келді. Ал, Тұрсынбек Қабатов Нұрлан Қоянбаев екеуі бір-бірін көре алмайды дегендерге жауап берді.
Бұл туралы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен тікелей эфирдегі әңгіме барысында айтты.
Әзілкеш әңгімесін балалық шақтан бастады.
Нұрлан мектепте үздік оқушы болған. Мектепті алтын медальмен бітірген. Кейін өз күшімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түседі.
«Ауылда жалғыз көк сиырымыз болатын. Соны сатып, 7 мың теңгені қалтаға салып алдым. Оқуға түсе алмай жатсам, керек бола ма дедім. Оқуға өз біліміммен түскен соң әкем екеуміз базарға бардық. Әкеммен бірге Алматыға келген кезім. Қуанғанымыздан барахолкадан бастан-аяқ киіндік. Кәуәп алып жедік», — деді.
Оқу орнында да үзді студент қатарынан көріне бастаған Нұрлан екінші курстан бастап, КВН өнеріне қызыға бастайды. Ақыры осылай үлкен сахналарға жол ашылады.
«Алғаш іс-сапармен Сочиге барғанда қызық болды. Базарға барып, кара кашемир пальто сатып алдым. Орыстардан ұят болмасын дедім Ұшақтан түссем, ол жақта жаз екен. Күн ысып кетіпті. Елдер жазғы киіммен жүр екен», — деді актер.
«Оқу орны қабырғасында КВН ойнап жүргенде 6 команда ішінен 6-орын алғанбыз. Сол ойынға 4 ай дайындалған едік. Сабағым да нашарлап кеткен еді. Жеңіліп қалғандықтан ол командам туралы айта бермеймін», — деді Қоянбаев.
Ал, сессия кезінде сабақ үлгерімі төмендеп, мұғалімдерден қатаңдық көргенін айтады.
Бұл ретте Тұрсынбек Қабатов Нұрлан екеуінің арасында ешқашан көреалмаушылық болған емес дейді.
«Көбісі солай сұрайды. Бірақ Нұрлан екеуміздің қызметіміз екі түрлі болғандықтан бір-бірімізге бәсеке болған емеспіз. Біз КВН-да бір-бірімізді толықтырып тұрдық. Екеуміз бір команда үшін күрестік. Бірге әзілдестік. Дос болдық. 19990 жылдан бері бірге келеміз. Бір-бірін жақтырмайды деген бос сөз», — деді Қабатов.
Қоянбаев: Заң мамандығын оқимын, себебі арманым президент болу
stan.kz