Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0
29

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сот-медициналық сарапшылар анықтағандай, қоғам белсендісінің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан прокуратурасы қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу қоғам белсендісі көз жұмғанға дейінгі оқиғалардың хронологиясын жасады.

«Ағаділ ешқайда кетпеу туралы қолхаттың талаптарын орындамай, тергеу органдарынан жалтарған күдікті болатын, оған іздеу жарияланды. Осы себептерге байланысты сот бұлтартпау шарасын қамауға алмастырды. Осылайша, сот шешімін орындаған полиция қызметкерлері Ағаділді ұстау және оны қамауға алуды заң аясында жүзеге асырды», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ағаділдің өлімінің себептері мен мән-жайын тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар мен жоғары санаттағы кардиологтан құралған комиссия жеті тексерді.

Олардың қатарында белсендінің жақын туыстарының өтінішімен тартылған сарапшылар да болды.

Ағаділдің өліміне коронарлық артерия мен артериолдың қатты спазмасының күшеюінен қан ұйып, жүректің сол жақ қарыншасына қан толығымен жетпеуі салдарынан өткір миокард инфарктісі себеп болды.

Сарапшылар марқұмның денесінен ешқандай жарақат таппаған.

Тағы оқыңыз: Ағаділдің өлімі: прокуратура мәйіттегі жарақат іздерін түсіндірді

«Осыған байланысты 25 мамырда Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылды», – деп мәлімдеді прокуратурадан.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

24 ақпан күні кешке Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілген. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.



sputniknews.kz