«Тұрсын, сен өзі есі дұрыс адамсың ба?» Баян Мақсатқызының күйеуіне ұрысқан сәті камераға жазылып қалды

0

Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзовке ұрысқан сәті бейнекамераға түсіп қалды. Ыңғайсыз сәтке тікелей эфирде барша оқырман куә болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап.

Отандық психологпен тікелей эфирде сұхбаттақсақн Баян Мақсатқызына бөлмеде жүрген күйеуі қайта-қайта кедергі келтіре берген. Бұған әрең шыдап, сыр білдірмей отырған продюсер эфир соңында Тұрсынғалиға ұрысып тастады. Тікелей эфир аяқталғанымен, Баян Алагөзова камераны өшіруді ұмытып кеткен сыңайлы.

«Турсен, сен өзі  дені сау адамсың ба? 10 рет дәретханаға барып, тіпті есікті жаппадың. Унитаздағы суды қалай ағызғаның да естіледі. Мен тікелей эфир өткізіп жатсам, әдейілеп әрі-бері жүрсің, қатты күліп жатырсың. Бөтелкелерді лақтырдың ба. Турсен, солай жасауға бола ма? Бұл деген құрметсіздік қой», — деп ұрысты Баян Мақсатқызы.

Ал Тұрсынғали Алагөзов бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.

Эфирді көрген желі қолданушылары әр түрлі пікір жазы..

«Баян ханым, соңғы жағында қатырыдыңыз», «Түнге қарай жақсылап бір күліп алдық. Жақсы көңіл күй үшін рахмет», «Олардың ұрысқандары да әдемі», «Баян Мақсатқызы, сіз ерекше ғажап әйелсіз», — деп жазды олар.