Тұрмысы төмен азаматтар АҚШ-қа кіргізілмейді: Америкалық грин-картқа байланысты заң өзгертілді — Қазақстан жаңалықтары
Бүгіннен бастап АҚШ билігі мемлекетте тұрғылықты тұру үшін берілетін грин-картқа байланысты жаңа заң негізінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақ үй мәлімдепті.
Жаңа заңда мемлекеттік жәрдемақы сұрайтындар үшін қиындамақ.
«Ішкі істер қауіпсіздігі министрлігі дүйсенбіден бастап жаңа заңды іске асырады. Осы заңнамаға сәйкес, АҚШ қоғамының жаңа мүшелері болғысы келген азаматтардың қаржы жағынан қиындықтары болмауы шарт», — делінген хабарламада.
Бұған дейін өткен жылдың қазан айында АҚШ федералды соты табысы төмен азаматтарды елге кіргізбеу керек деген өтінішті қанағатандырмаған еді. АҚШ үкіметі кедей азаматтар елдің салық жүйесіне ауыртпалығын тигізуі мүмкін деген тоқтамға келіпті. Десек те соттың жоғарғы инстанциясы бірінші үкімді негізсіз деп тауыпты.
stan.kz