Түрмеге жабылған Ислам Әбішев: Кезінде талай рет «Сардоба» су қоймасының қаупі жайында айтқанмын, енді «Шардара» да қауіпті — Қазақстан жаңалықтары

0

Су ресурстары комитетін басқарып, кейіннен істі болып түрмеге жабылған Ислам Әбішев кезінде Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының елге зияны тиюі мүмкін екенін талай рет ескерткен еді. Енді түрмеде жатқан Әбішер «Шардара» су қоймасының да апатты жағдайда екенін айтып дабыл қақты. 

Ислам Әбішев бұған дейін «Сардоба» су қоймасының сапасыз салынғанын, оның Қазақстанмен келісілілмей тұрғызылғанын айтып, апатты екенін көтерді. Үкіметке ол туралы үндеу жолдады. Алайда жауапсыз қалды. 

Енді Әбішев «Шардара» су қоймасының да екінші рет сапасыз жөндеуден өткенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Әбішевпен скайп арқылы сөйлескен адвокаты Абзал Құспан мәлімдеді. 

«Ислам Әбішев су ресурстар комитетін басқарып отырған кезде қауіпсіздік кеңесіне және президент әкімшілігіне бірнеше мәрте хаттар жазған. Су қойманың құрылысы сапасыз, халықаралық шарттарға сай емес деген. Онда айтылғандай, Өзбекстан тарапы 2017 жылы Қазақстаннан рұқсат сұрамастан, келісімін алмастан су қоймасын салып тастаған. Өте аз уақыт ішінде сапасыз материалдармен сапасыз салғанға ұқсайды. «Сардора» су қоймасының су жинау су жинау мүмкіндігі 90 млн текше метр, ал «Шардара» су қоймасы 5 млрд 200 млн текше метр. Бұл деген өте үлкен айырмашылық.

Ислам Әбішев осы үшін шырылдап отыр. Егер «Шардара» қайтадан күрделі жөндеуден өтпесе, ол өзінен 110 км шақырым жерде жатқан «Көксарай» су қомасын да алып кету қаупі бар. Онда 3 млрд текше метр су жиналған. «Қызылағаш» су қоймасында бар-жоғы 30 млн теше метр су жиналған еді. Соның өзі салғырттық салдарынан 45 адамның өмірін жалмады.

«Шардара» су қоймасы «Қызылағаш» су қоймасынан 270 есе көп. Ислам Әбішев су қоймасы күрделі жөндеуден өтпесе, оңтүстің өңірмен қоса Қызылорда облысының нығыз орналасқан ауылдарын да су шайып кетуі мүмкін деп дабыл қақты. Мен осы бейне арқылы Ислам Әбішевті босату туралы талап айтайын деген немесе хайп жасайын деген мақсатым жоқ. Бізге ешқандай жарнаманың қажеті жоқ. Тек елге ортақ мүдде болған соң алға тартып отырмын», — деп сөзін аяқтады адвокат Абзал Құспан желіге жариялаға видеоүндеуде


Мақтаарал билігі тұрғындарды еш қауіп жоқ деп сендірген: «Сардоба» су қоймасының сұмдығы


 

stan.kz