«Мені бәрі балағаттап, жаман сөздер айтып жатыр»: Мұхтар Шахановқа қандай жала жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мұхтар Шаханов 40 жыл бұрын Серікжан Біләшқа арнап өлең жазған деген ақпарат тарады. Бірін мұның ақынның қаламынан туған дүние десе, енді бірі жоққа шығарды.

Ал, Мұхтар Шахановтың өзі мұндай өлеңнің авторы мен емес, менің атымнан әлдекімдер жазған деп шырылдады. 

«Желіде соңғы кезде мен туралы  ақпарат тарады. Мен жерден алып, жерге салғандар да, өткірікші дегендер де бар. Маған былапыт сөздер айтылып жатыр. Оларды естісең, төбе шашың тік тұрады. Ал, мені қолдап жатқандар да бар. Оларға алғысымды айтамын. 40 жыл бұрын Серікжан Біләштің кім екені, де аты да, заты да белгісіз еді. Сонда мен оған қалай өлең арнаймын», — дейді ақын.

Ақын осы ұста өз ұстанымын айта кетті. 

«Кім шындығын жоғалтып алса, ақты ақ деп, қараны қара деп айыра алмаса, сөзі басқа, ісі басқа болса, елдік-ұлттық мүддеге тамыр жібере алмаса, пенделігі тек өзіне емес, қоғамында алдаса, онда ақынның да, ғалымның да, саясаткердің де мазмұны, даңқы далбаса. Сондықтан шындық биігінде жолығайық. Ұятты іспен айналыспайық», — деді Шаханов. 

Айта кетейік, «Атажұрт еріктілері» ұйымының жетекшісі Серікжан Біләш ұлтаралық араздықты қоздырып, алауыздық тудыруға бағытталған әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталған.

stan.kz