Түрмеден тараған үндеу: Жабайы Арман президентке жүгінді
Қылмыс әлемінде Жабайы Арман (Дикий Арман) деген лақап аттпен белгілі Арман Жұмагелдинов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша оқшаулағышында Қаңтар тәртіпсіздіктерін ұйымдастырды деген қамауда отыр. Бүгін оның әлеуметтік желідегі парақшасында президент Тоқаевқа жүгінген видеосы пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Видеоүндеу ең бірінші кезекте, назарды лояльдылыққа және тергеудегі адамның видео таратуға жағдайы барына аудартады. Естеріңізге сала кетейік, Арман Жұмагелдиновке қаруды заңсыз сақтады және жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылған еді. Бас прокуратура Жабайы Арманның қаруланған жақтастары бейбіт жүрген 24 адамды күштеп ұстағаны туралы ақпарат таратқан еді.
Сонымен қатар, ол «ҰҚК бақылауында әрекет еткен» ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деген де күдікке ілінген. Тергеу нұсқасына сәйкес, ҰҚК-ның кейбір қызметкерлері мен Жабайы Арман қаңтар оқиғаларына 2021 жылдың жазында дайындала бастаған.
Видеоға қарағанда өзін тергеу барысы Арман Жұмагелдиновтың көңілінен шықпайтын секілді. Жабайы Арман өзіне қатысты қылмыстық істі объективті түрде қарауды, айыптау тұрғысына баса мән бермей тергеуді сұрайды. Ол сонымен бірге Тоқаевқа қаңтар оқиғаларына қатысқан басқа адамдар секілді рақымшылыққа лайық екенін де айта кеткен. Яғни өз кінәсін жоққа шығармайды, бірақ кешірім алудан үміті бар сияқты.
Жұмагелдинов туралы әртүрлі ақпарат тараған. Ulysmedia.kz дереккөзінің ақпаратына сәйкес, ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға мен немере інісі Самат Әбішпен жақын болған. Бұл жолы Жабайы Арман мәселесіне президент назар аударар деген үміті бар секілді.
ҰҚК оқшаулағышында телефонды және жазатын басқа да аппараттарды пайдалануға рұқсат берілмейді. Сол себепті Алматыдағы күдікті отырған Алматыдағы мекеменің басшылығы президентке тараған үндеуге байланысты ескерту алатын сынды. Изолятордағы осынау жағдайдың өзі Жұмагелдиновтың өзін де, басқаларды қорқытпағаны таңғалдырады.
Еске сала кетсек, Арман Жұмагелдинов Қаңтар оқиғасынан кейін көп өтпей ұсталған еді. Араға екі ай салып Бас прокуратура Дикий Арманның тобындағы 14 адам ұсталғанын жария еткен.
Қыркүйекте тіркелмеген Демократиялық партияның көшбасшысы Жанболат Мамай 1 қыркүйек күні өзіне шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертуі бар хат алғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, жыл басында Қазақстанда бейбіт митингтің соңы қанды оқиғаға айналған еді. Оқиға Жаңаөзендегі газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылық шеруімен басталған. Тәртіпсіздікті басу үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің Қарулы күштерін шақырған. Қазақстан билігі бұл оқиғаға «лаңкестерді» айыптады. Кейіннен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген жақын адамдары әртүрлі айыптармен қызметтерінен босатылып, кейбірі қамауға алынды.
16 тамызда Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 238 адамның аты-жөнін жариялады. Олардың алтауы ұсталған соң азаптау құрбаны болған. 2 қарашада президент қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.