Қызмет барысында зардап шеккен астаналық өртсөндірушінің отбасына пәтер берілді

0

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде зардап шеккен өртсөндірушілердің отбасына баспана бойынша көмек көрсетілді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Астана әкімдігі мәліметінше, Мемлекет басшысының атынан төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен қала әкімі Алтай Көлгінов өртсөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілген.

«Өртсөндіруші Аян Кемпіровтің отбасына ипотекалық несиені төлеуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтердің отбасына жалпы сомасы 6 миллион теңге несиені төлеуге көмек көрсетілді».

Әкімдік өртсөндірушілер ерлік көрсетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалғанын атап өтті.

Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр, екінші науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі өртсөндірушіні де орденмен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.