Тұрлыхановтың ұлына сот шешімі шықты
9 қазанда атақты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты. Бұл туралы Atameken Business сайты жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz порталы.
«Нұрасыл Болатқа 1,7 миллион теңге айыппұл салынды», — делінген хабарламада.
Еске салайық, осы жылдың көктемінде ерлі-зайыпты адвокат Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соғуға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Оқиға 2023 жылдың ақпан айының 10-нан 11-іне қараған түні Алматыда болған. Шабуыл жасаған адам қатардағы әскери қызметші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 20 жастағы Нұрасыл Болат болып шықты.