Түркістандағы мұғалімдердің 80 пайызы оқу орнын сырттай бітірген

0
162
Advertisement

Жаңа жылдан бастап білім саласын басқару жүйесі өзгереді. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін басқару қызметі облыстық басқармаларға беріледі. Білім бөлімдері тікелей басқарма тарапынан қаржыландырылады. Білім беру бөлімдерінің басшыларын облыстық білім беру басқармасының басшысы тағайындайтын болады. Бүкіл білім беру саласын дүр сілкіндіретін жаңалықтың қолданысқа енуіне енді екі ай ғана уақыт қалды.

Дәл қазір бұл жүйені сынап жатқандар да аз емес. Егер білім бөлімдері білім басқармаларының құзырына өтсе, аудан, қала әкімдіктерінің білім саласына деген жауапкершілігі жойылады. Бұдан кейін төбесінен бақылап отыратын «әй дейтін әжесі, қой дейтін қожасы жоқ» РайОНО-лар өздерін жартықұдай сезініп кетуі әбден мүмкін. Жалғыз білім басқармасы облыстың түкпір-түкпіріндегі бүкіл мектеп пен балабақшаны  бақылауында ұстай алады ма? Ал бақылау азайған жерде жемқорлықтың өршитіні айтпаса да түсінікті ғой.  Жуырда Adalbіlіm жобалық офисінің онлайн жиынында осы тақырып әңгіме болды. Оған арнайы қатысқан Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев жұртты елең еткізетіндей мәлімдемелер жасап тастады.

Білім бөлімдері басқармаға өткен соң, жұмысты неден бастайсыз? – деген сауалға келгенде облыстың бас ұстазы модератор айтпақшы, «үлкен мәлімдеме» жасады:

– Аудандық білім бөлімдері басшыларының дипломын тексеруден бастаймын. Өйткені бізде бір аудандық білім бөлімі басшысы дипломының жалған екендігі әлеуметтік желіде жазылды. Басшы бірнеше айға қызметінен шеттетілді. Кейін дипломының жалған екендігі расталды. Сотта білім басшысы жеңіп шықты. Аудан әкімі оны осыдан кейін қызметіне қайта қойды. Қазір ол азаматша жұмысын істеп жүр. Дипломының жалған екендігі рас, – деді Жолаев.

Басқарма басшысы мектеп директорларының да дипломын тексеретінін мәлім етті.

– Түркістан облысында мұғалімдердің 80 пайызы оқу орнын сырттай бітірген. Шымкентте дипломдарды бәліш сатқандай сатады. Ол әлі тоқтаған жоқ. Пара беріп  мектепке еден жуушы болып кіреді. Оның айлығы  40-50 мың теңге, ал мұғалімдер 150-200 мың алады. Осыдан кейін еден жуушы сырттай оқып, мұғалім болып алған жағдайлар көп, – деген Жолаев  білім бөлімі басшылары  мен  мектеп директорларынан кейін мұғалімдердің дипломдарын тексеретінін, бұған құзырлы органдардың  қатыстырылатынын мәлім етті.

Oinet.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз